RU

"Версия" газетінің редакторын Әліби Жұмағұловтың адвокаты қорғайтын болды

Павлодарда облыс әкімін бопсалады деп айыпталған "Версия" газетінің редакторын Әліби Жұмағұловтың адвокаты қорғайтын болды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары.

Қамауға алынған "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкинді астаналық белгілі адвокат Анатолий Утбанов қорғайтын болады.

"Мен дайынмын және Ярослав Голышкинді қорғауға кірісемін. Ертең мен Павлодарға жол жүремін,  қазіргі уақытта Ярославтың әкесі, менің қорғауыма  рұқсат алу үшін өтініш жолдады", — деді Анатолий Утбанов Қазақстан жаңалықтарына.

Қазіргі уақытта Анатолий Утбанов Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың мүддесін қорғайды. Ол елордалық кәсіпкердің соққыға жығуына байланысты аты шулы іс бойынша жәбірленуші болып табылады.

Еске салсақ, 14 мамырда ҰҚК арнайы тобы павлодардық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкинді қамауға алған болатын. Редакторға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтан бопсалаушылықпен ақша талап етті деген айып тағылды.

Барлық даудың басы әкімнің ұлы Дәурен мемлекеттік резиденция алдында әйелді зорлағанын растайтын зардап шегушінің сұхбат берген видеосынан туындаған. Редакторға аталмыш видеоны таратпауы үшін аймақ басшысынан 500 мың доллар талап еткен деген айып тағылды. Бойжеткеннің зорланғаны расталғанымен, полицейлер оған әкімнің ұлы қатысты деген айыпты жоққа шығарды.

Айта кептерлігі, зардап шегушінің құрбысы 18 жастағы Әлмира Күлиева да жақында куәгерден айыптыға айналған. Оған ірі сомада әкімнен ақша бопсалаған топқа қатысы бар деген айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/796129-versiya-gazetininh-redaktoryn-alibi-zhu.html