RU

Алматыда құбыр жарылып, тас жолды тас-талқан етті (фото)

Алматыда Уәлиханов пен Мәметова көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды. Салдарынан 5 қабатты үйдің биіктігіндей болған субұрқақ тас жолды талқан етіп, маңындағы көліктерге зақым келтірген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ыстық судан бір жігіт зардап шеккен.

«Алматы жылу құбыры» кәсіпорнының өкілі Ян Гирин аталған қиылыста гидарвликалық сынақтар жүргізілгендігін мәлім етті.

«Сынақ кезінде құбырларға қатты қысым беріледі. Түскі 14.20-ларда жылу магистралінің жарылуы орын алған. Су бірден тоқтатылды. Судың температурасы аса ыстық болған жоқ, 60 градус шамасында. Құбыр 1980 жылдан бері ауыстырылмаған. Оқиға орнында апатты қалпына келтіру тобы жұмыс жасап жатыр. Жарылған орынды тауып, оны дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі», - деді Ян Гирин.

Ресми өкіл аталған қиылыста сынақ жүргізілетіндігі туралы жақын маңдағы тұрғындар құлағдар етілгендігін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/796298-almatyda-qubyr-zharylyp-tas-zholdy-tas-t.html