Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы "Қанды көлдің" құпиясы мәлім болды

Опубликовано:

Атырау облысындағы Goolge Maps көмегімен анықталған "Қанды көлінің" сыры мәлім болды. Көл түсінің қызыл болуының себебі топырақ қыртысының түсі мен судағы өсімдік балдырларға байланысты болуы мүмкін.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары Сәулет Сәкенов хабарлап отыр.

Ғалымның сөзінше, қан түсті көлдің қызаруына негізгі екі фактор әсер етуі мүмкін.

"Мен бұл көлдің түсіне әсер етіп отырған екі факторды нақты айта аламын. Көл түбіндегі жер қыртысы мен судағы өсімдік балдырдың қызыл түсті болуынан", - дейді ол.

Сондай-ақ, қошқыл қызыл түс ғарыштан спутник арқылы ғана көрінеді. Жақыннан көлдің өзге көлдерден еш айырмасы жоқ, түсі білінбейтіндігін де қосып өтті. Және Қазақстан бойынша өзгеше түсті көлдер мен көлшіктер жиі кезедеседі.

"Мысалы біз Балқаш маңында тұран жолбарысын қайта қоныстандыру жұмыстарын жүргізген кезде қызыл, жасыл, сары түсті көптеген көл мен көлшіктерге тап болдық. Бұның негізгі себебі топырақ қыртысы мен теңіз түбіндегі балдырға байланысты", - деп қосып өтті Сәкенов.

Еске салсақ, 21 маусымда Атырау облысында Google Maps жүйесінің көмегімен қызыл түсті белгісіз "қанды көл" табылғаны хабарланған болатын.

Нысанның координаты: 46°27′43.1″ солтүстік ендікте, 53°51′20.3″ шығыс бойлықта. "Қанды көл" Құлсары қаласынан шамамен 60 шақырым жерде болып шықты.

Бұл белгісіз көлді картадан wikimapia.org сілтемесі арқылы көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/796323-atyrau-oblysyndaghy-qandy-koldinh-qupi/

pixel