RU

Еуропа лигасындағы 3 қазақстандық команданың қарсыластары анықталды

22 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында еурокубок ойындарының жеребесі тартылды. Нәтижесінде Еуропа лигасына қатысатын қазақстандық үш команданың қарсыластары белгілі болды.

Чемпиондар лигасында бақ сынайтын «Астана» екінші кезеңде Словенияның «Марибор» клубымен бақ сынайды. Ал Еуропа лигасына қатысатын үш командамыздың қарсыластары төмендегідей.

«Қайрат» – «Црвена Звезда» (Сербия)

«Ақтөбе» – «Нымме Калью» (Эстония)

«Ордабасы» – «Бейтар» (Израиль).

Үш командамызда іріктеу кезеңдерін бірінші раундтан бастайды. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» алғашқы ойындарын 2 шілде күні Қазақстанда бастаса, «Қайрат» сырт алаңда ойнады.

Қарымта матчтар 9 шілде күнге жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/796373-europa-ligasyndaghy-3-qazaqstandyq-kom.html