RU

Қытайлық порттан апта сайын Қазақстанға 5 контейнерлік пойыздар жіберілмек

 2015 жылдың екінші жартысынан бастап Ляньюньган қаласы (ҚХР) портында апта сайын Алматы мен Ташкентке 5 контейнерлік пойыздар жіберіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев мәлім етті.

«Ляньюньган қаласы портындағы қазақстандық-қытайлық терминал қысқа мерзімде (2014 жылдың мамырынан) 20 футтық эквиваленттің 65 мың контейнерін өңдеді. Темір жол іске қосылғалы 130 мың жүк тасымалданды. Біз «Ляньюньган-Алматы» (2015 жылдың ақпаны) және «Ляньюньган-Ташкент» контейнерлік пойызын іске қостық. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап біздің терминалдан аталған бағыттар бойынша аптасына 5 контейнерлік пойыздар бағытталатын болады», - деді Елубаев.

Жүк вагондары контейнерлер тиеуге арнайы бейімделіп жасалған. Онымен Қытайға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен теңізбен келген жүктер енді Қазақстан арқылы Орталық Азия, Ресей және Еуропаға жеткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/796396-qytaylyq-lyanyungan-portynan-apta-sa.html