RU

Астанада үш жасар бүлдіршін екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Астана қаласындағы Жеңіс даңғылында үш жасар бүлдіршін екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті.

«Терезеден құлауы салдарынан бала иық сүйегінің жабық сынығын, оң жақ иығының төменгі жағындағы сүйектердің жабық сынығын, жабық бас-ми жарақатын алған», - деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Анасының айтуынша, ол баласының терезенің алдына қалай шығып алғанын, одан кейін қалай құлап кеткенін байқамай қалған.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, балалармен байланысты қайғылы оқиғалардың көп бөлігі қастарында ересектердің болмауына немесе ата-аналарының балалардың қауіпсіздігіне мұқият болмауына байланысты орын алады.

Терезеден құлау балалар жарақатының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Көптеген ата-аналар ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіп төндіріп тұрған естерінен шығарып алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/796620-astanada-ush-zhasar-buldirshin-ekinshi-qa.html