RU

Балаларға арналған қазақстандық кітап ата-аналардың жағасын ұстатты (фото)

Алматылық журналист Наталья Маркова баласына балаларға арналған кітап сатып аламын деп қатты таң қалды. Ондағы балаларға "лайық емес" суреттер мен жануарлардың сипаттамалары әйелді бей-жай қалдырмады.

"Бал-маскарад" кітабының авторы - қазақстандық Р.Филиппова есімді әйел деп жазды "Радиоточка".

Сатып алушының айтуынша, ол екі тілде жазылған кітапты ұлына қазақ тілін үйрету үшін алған екен. Наталья кітапты көрнекі суреттеріне қарап ала салған. Кейін кітапты мұқият оқып шыққанда, әйел есеңгіреп қалған.

Кітапта Астанада бал-маскарад өткізбек болған Фунтик, Бимка және Дымка есімді үш жануар туралы баяндалады.

Журналист кітап авторының балалармен заманауи желі сленгісі арқылы сөйлеспек болғанын аңдаған. Ал жануарлардың кезекпен дүкеннен маскарадқа киім алмақ болғанын оқырмандарына оғаштау жеткізген авторды журналист тіптен түсіне алмаған.

Кітап желісінде "қоян дүкенге секектей кіріп, қисық сирақтарын, әрі өте ұзын құлақтарын жасыру үшін" киім сұрайды. Ал жолбарыс болса, бүйірлерін көрсетпеу үшін монша шапанын алады.

Бұл кітап балаларды кемшіліктерге мән бермей, өзгелердің ерекшеліктерін мазаққа алмауды үйретпейтінін түсінген журналист кітаптың көрнекі суреттеріне де аң-таң болған.  Онда "ұл жануарларға" қыздың киімі, ал "қыз жануарларға" ұлдың киімі кигізілген екен.

"Аю түрлі-түсті ұзын белдемше және қысқа тар кеудеше киіп сәнденсе", "қой күлгін түсті сарафан киеді".

Ешкі болса, "ұлдарша" киінген. Ал қабылан "өз денесін жасырғысы келмей, тек қызыл сөмке сатып алған".

"Жөнді маскарад костюмдерін салып шығуға болатын еді. Ұлдардың қыз болып киінгенін айтпай-ақ қояын… Кітапта қыздарға тіптен киім кигізбеген (журналист денесі әдемі қабыланды меңзеуде – "Радиоточка"). Біртүрлі ойлар туындататын түсініксіз кітап екен", — дейді журналист.

Айта кетерлігі, кітаптың сыртында оқырмандардың жасы "4+" болуы керектігі жазылған.

Кітап "Ариал" гольф-клубының дүкендерінде таратылатыны көрсетілген. Онда тілшілер қоңырау шалғанда, Филиппованың жазушы да, мұғалім де емес екенін және кітапты жаузына немерелері шабыттандырғанын айтқан.

Автормен танысу мүмкін болмады. Себебі, қоңырауды көтерген әйел, Филлпованың тілшілермен сөйлесуге келісімінсіз тұтқаны бере алмайтынын айтқан. Олар сұрақтарды электронды почтаға жазып жіберуге кеңес беріпті. Жіберілген сұрақтарға жауап қайтарылған жағдайда, ол көпшілік назарына жарияланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/797043-balalargha-arnalghan-qazaqstandyq-kit.html