RU

Алматыда жерүсті метросының алғашқы тармағы 2019 жылы қолданысқа беріледі

Келешекте Алматыда автобустардың қатарына жеңіл рельсті көлік қосылады.

Бүкіл қаланы аралайтын жерүсті метросының алғашқы тармағы 2019 жылы қолданысқа берілмек. Бұл қала әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы бірлескен жоба бойынша жүзеге асуда.

Ал құрылыс жұмысы келесі жылы басталады.

«Жерүсті жолы Алатау ықшам ауданынан басталады. Содан кейін қаланың ортасымен өтеді де, ары қарай Жетісу көшесіне дейін барады. Дамыған шет елдерде мұндай жолдар көптен бері қолданыста. Адамдар жүретін жолдарда қатар жүреді. Сол сияқты бізде де сондай ЛРТ салынады. Олар бір-біріне бөгет жасамайды»,- деді Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахманов.

Мамандар жобаны іске асыруда Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенеді. Ол қала құрылымына кедергі келтірмейді және экологиялық таза болады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/797268-almatyda-zherusti-metrosynynh-alghashqy.html