RU

Жамбыл облысында әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Нұрәлиев Абдалы Тоқбергенұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Абдалы Нұралиев 1959 жылы туылған, жоғары білімі бар, 1981 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тағам өнеркәсібі институтын "инженер-техник" мамандығы бойынша бітірген, техникалық ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1981 жылы Торғай облысы Жақсы элеваторында шебер болып бастаған. Одан әрі Челгашин элеваторының бас инженері, директоры болып қызмет атқарған. 1989 жылдан бастап Бурненский астық қабылдау кәсіпорнын, "Алтын дән" АҚ-ны басқарды.

2001-2003 жылдары Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, ал 2003-2012 жылдары Жамбыл облысының Байзақ, Рысқұлов аудандарының әкімі лауазымында еңбек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/797352-zhambyl-oblysy-akimininh-zhanha-orynbasa.html