RU

Дәрігерлер биік өкшелі туфли кигендердің аяғы жалпайып кететінін айтты

Дәрігерлер биік өкшелі аяқ киімдердің кесірінен адам ауруға шалдығуы мүмкін екенін ескертеді.

Бұл туралы Росбалт жазады.

Бұл дерт Мортон невромасы деп аталады. Бұған шалдыққан адамның табаны жалпайып, аяғының әр бөлігі жансызданып, кей тұстарының терісі қажалып мазасыздық тудырады.

Meddaily-дің жазуынша, соңғы 10 жылда Мортон невромасына шалдыққандардың саны екі есе өскен. Зерттеушілер бұны биік өкшелі аяқ киімдердің және оған құмар адамдардың көбеюінен көріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/798004-darigerler-biik-oksheli-tufli-kigende.html