RU

Таразда ер адамның басына жай түсті

23 маусым күні найзағай соққан Тараз тұрғыны ауруханаға түсті.

"23 маусым күні сағат 16:25-те облыстық ТЖД-ге «103» қызметінің диспетчерінен Тараз қаласы Рысқұлов көшесінің бойында 1987 жылы туған жігіттің үстінен жай түскені туралы хабар келіп жетті. Ол №1 қалалық аурухананың тепария бөліміне жатқызылды", - деп көрсетілген Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Хабарламаға сәйкес, зардап шеккен ер адамның жағдайы «орташа ауыр» деп бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/798341-tarazda-er-adamnynh-basyna-zhay-tusti.html