RU

Қайрат Нұртас демалыста экстремалды спорт түрлеріне әсуестеніп жүр (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртас соңғы кезде экстремалды спорт түрлеріне әсуестеніп жүр. Түркияда жазғы демалысын өткізіп жүрген әнші осы жолы парашюттен секірген видеосын Youtube желісіне жүктеп, жанкүйрелерін таң қалдырды.

Биіктіктен секірген әнші қорыққан түгілі, көзілдірігін айтып қалжыңға басуда.

"Асалаумағалейкум, қазақ елі! 2700 метр биіктікте ұшып келеміз. Аспанда да көзілдірік таққаным қалай кетті, ағайындар?", - деп әзілдеді Қайрат.

Еске салсақ, бұған дейін әншінің Түркия елінде флайбордты басқарып жүрген видеосы жарияланған болатын. Соған қарағанда Қайрат Нұртасты қымбат көліктерден өзге қауіпті спорт түрлері де қызықтырып жүрген секілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/798948-qayrat-nurtas-turkiyada-parashyutten-se.html