Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Сүйген сұлу» хикаясын сомдаған актерлар

Опубликовано:

Басты рөлді ойнаған актерлар мен актрисалардың жеке өмірі

Садхна рөлін сомдаушы Үндістанның актрисасы Сара Кхан. 1989 жылы Бхопал қаласында дүниеге келген актриса мансап баспалдағын 2007 жылы бастайды. Бірнеше жобаларға қатысқан актрисаның «Сүйген сұлу» хикаясынан кейін танымалдылығы артады.

Сараның отбасында әкесі дәрігер, анасы сатушы және үш сіңілісі бар. 2010 жылы Сара Али Мерчантамен шаңырақ көтереді. Алайда, актрисаның ата-анасы қарсы болады. Себебі, Алиді Сараның ақшасы мен танымалдылығы қызықтырады деп ойлады. Мүмкін, Сара отбасында жалғыз ақша табушы болғандықтан әке-шешесі бергісі келмеген болу керек, үш айдан кейін жастар ажырасуға арыз береді.

Парул Чаухан телевизия саласында және модель болып істеген. Ол алғашқы «Сүйген сұлу» хикаясынан кейін Рагини болып танылады. Парул ханымның суретін көрген «Сүйген сұлу» хикаясының директоры Рагини рөлін ойнауға шақырады. Көрерменннің көзайымына айналған Парул жетістіктерге жетеді. 2008 жылы жыл актриса атағын жеңіп алады. Оның сүйікті актеры Шакрух Кхан.

Психикалық ауытқумен ауыратын Алехтың өмірдегі шын есімі Ангад Хасиджа. Ол актер болмастан бұрын дизайнер мамандығы бойынша қызмет еткен. Ол да «Сүйген сұлу» хикаясының арқасында екінші пландағы жыл актеры деген атаққа ие болады. 2007 жылы 32 жастағы актер отбасын құрады. Көптеген адамдар кинода ерлі-зайыпты рөлін сомдаған Сара мен Ангадты өмірде ғашықтар деп ойлайды екен. Алайда, Ангадтың жұбайы мен Сара өте жақын достар. Сондықтан өсек-аяңға мән бермейтін зайыбы барлығына түсіністікпен қарайтын көрінеді.

*На правах PR

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/798984-suygen-sulu-khikayasyn-somdaghan-akte/

pixel