RU

Францияда әйелдер мен ерлер бөлек аралайтын дүкен ашылды

Франция мемлекетінің Бордо қаласындағы дүкендердің бірі әйелдер мен ерлердің бөлек сауда жасауына жол ашты, деп хабарлайды muslim.kz.

Олар енгізген жаңа ереже бойынша, мұсылман әйелдер тек сенбі-жексенбі күндері ғана сауда жасайтын болса, ер адамдар жұмыс күндері ғана бас сұға алады.

Дүкен қожайын ислам дінін жақында қабылдаған көрінеді. Шариғат талаптарымен таныса келе ол өз дүкенінде ерлер мен әйелдердің кездесуін қаламайтынын мәлімдеген. Оның бұл шешімі қала әкімдігінің наразылығын тудырып отыр. Қала мэрі Ален Жюппе өзінің Твиттер парақшасында «Бұл шектеуі тоқтату қажет» деген жазба қалдырған.

«Бордо тарихында бұндай оқиға бірінші рет орын алып тұр. Бұл қашанда заңға бағынатын мұсылмандардың келбетіне нұқсан келтіреді», – дейді аталмыш оқиға жайында мэр орынбасары Марик Фету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/799348-franciyada-ayelder-men-erler-bolek-ara.html