RU

Данияр Елеусінов қатарынан екінші рет AIBA-ның үздік боксшысы атанды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен команда капитаны Данияр Елеусіновты Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA)  екінші жыл қатарынан әлем бойынша үздік деп таныды.

2013 жылы Айтжанов пен Елеусіновтың жетістігі Алматыда әлем  чемпионатының қорытындысы бойынша аталып өтті. Қазақстандық команда жарыста 4 алтын иеленген болатын.

2014 жылы Қазақстан командасы аса жоғары нәтиже көрсетті: Инчхондағы  XVII жазғы Азия ойындарында 6 алтын (Данияр Елеусінов те алтын алды), 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орынды иеленді.

2014 жылғы  әлемнің үздік бапкері мен боксшысына AIBA марапатын AIBA атқарушы директоры Карим Бузиди табыс етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800197-daniyar-eleusinov-qatarynan-ekinshi-re.html