RU

Фотошоппен бет-жүзі "өзгерген" шоу-бизнес өкілдері (фото)

Әлемнің ең танымал "сымбатты" жұлдыздары да фотошопқа жүгініп жатады. Фотошоппен келбетін өзгерткен танымал ер кісілердің салыстырмалы фотосын Bigpicture.ru сайты ұсынды.

Фотошоп шеберлері "сәндеуді" қажет етпейтін сымбатты жұлдыздардың фотосын журнал мұқабасына шығармас бұрын өзгертуге тырысып баққан екен. Фотолардың түпнұсқасынан әртістердің келбеті айтарлықтай өзгергені байқалады.

1. Майкл Фассбендер, 2011

Танымал ирланд актері Майкл Фассбендердің екінші суретте бел тұсын кішірейтіп, әрлегені анық байқалады. Әртістің келбетін GQ журналы осылай өзгертуді жөн санаған. Себебі бүгінгі қоғамда ер кісінің иық тұсы белінен екі есе енді болуы – "сымбаттылықтың" басты белгісі саналады.

2. Мэтт Дэймон, 2014

Men’s Health 2014 журналының мұқабасына шыққан танымал америкалық актер Мэтт Дэймон да фотошоп "құрбанына" айналды. Фотодан әртіс денесін фитнес залында  тынбай шынықтарғандай болып көрінеді.

3. Джонни Депп, 2011

2011 жылы америкалық актер Джонни Депп 50 жасқа жақындағанына қарамастан, Vanity Fair фоторедакторлары бұл шындықты қабылдағысы келмей, оны тым жасартып көрсеткен.

4. Ченнинг Татум, 2012

2012 жылы Татум "Супер Майк" фильмі арқылы өзінің ерекше келбетімен көрермендерінің есінде қалған болатын. GQ журналының редакторлары әртісті мұқабаға жібермес бұрын, фотодағы басын басқа адамның денесіне шебер жалғай білген.

5. Клайв Оуэн, 2007

Британдық актер Клайв Оуэн 2007 жылы әжімдерге қарсы Lancôme кремін жарнамалаймын деп фотошоп шеберлерінің қолына түсті. Оның бет-жүзін фоторедакторлар барынша мінсіз етіп көрсеткен.

6. Сет Майерс, 2014

АҚШ-тағы танымал әзілкеш әрі актер Сет Майерс 40 жасында әртістік дарынымен үлкен танымалдылыққа ие болды. Десек те, NBC актерда тек дарынның болуы аздық етеді деп санаған болуы керек. Фоторедакторлар оны 15 жасқа жасартып, сымбатты етуге тырысқан.

7. Том Круз, 2012

Голливуд жұлдызы Том Крузді W журналы да фотошоппен тым жасартып жіберген.

8. Райан Гослинг, 2012

Бірнеше ай бұрын канадалық актер Райан Гослингті көпшілік "Бейби Гослинг" (Сәби Гослинг) деп атай бастады. Алайда Studio Ciné Live киножурналы көпшіліктің алдын орап, Райанның бет-жүзін нәрестенің бетіндей мінсіз қылып өзгерткен.

9. Энди Роддик, 2007

Америкалық теннисші Энди Роддикті 2007 жылы Men’s Fitness журналы фотошоппен танымастай өзгертті. Спортшыны фотода шымырденелі етіп көрсетіп, меңдерін алып тастаған. Роддик бұл фотоны көре салысымен, түрі мүлдем басқаша екенін ашық жария етіпті.

10. Иэн Сомерхолдер, 2013

АҚШ актері Иэн Сомерхолдерді де Icon журналы мұқабасына фотошопсыз жіберемеді. Мұнда оның жақ тұсы кішірейтіліп, еріндері үлкейтілген.

11. Леонардо Ди Каприо, 2011

Америкалық продюсер әрі актер Леонардо Ди Каприоны GQ  журналынан көрген көпшілік оны "Твин Пикстегі" Лиланда Палмераға ұқсатқан. Фотодан оның бірталай жылға жасарып кеткені бірден байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800253-fotoshoppen-bet-zhuzin-ozgertken-tanym.html