RU

Жаз мезгілінде жолаушылардың көптігіне орай қосымша пойыздар жолға шығады

Тұрғындардың сұраныстарына байланысты қосымша жолаушылар пойыздары жіберіледі, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, «Қарағанды-Жезқазған» бағытындағы №634/633 жолаушылар пойызы үстіміздегі жылдың 2 шілдесі мен 30 тамызы аралығында аптасына екі рет қатынайды;

«Алматы-2-Арыс-1» бағытындағы №61/62 жолаушылар пойызы 17 шілдеден 28 тамыз аралығында аптасына бір рет қатынайды.

Ал «Алматы-1-Аягөз» бағытындағы №453/454 жолаушылар пойызы 19 шілдеден бастап бекітілген кесте бойынша жүре бастайды.

Сонымен қатар 23 «Тұлпар-Тальго» вагонынан жасақталған №502/501 «Астана-Алматы-2» бағытында бір реттік жүрдек пойыз тағайындалды, ол Астанадан 28 маусымда 21 сағат 28 минутта аттанып, Алматы-2 стансасына 29 маусымда күндізгі 12 сағат 07 минутта келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800431-zhaz-mezgilinde-zholaushylardynh-koptig.html