RU

Сарапшы Қазақстандағы бюджеті қысқаратын салаларды атады

Экономист Салтанат Абаева Алматы телеарнасына сұхбат беріп,  бюджеттің қай салада қысқарып-қысқармайтыны жөнінде мәлімдеді.

"Республикалық бюджетті қысқарту шаралары жаңадан дамып жатқан тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу саласы, сондай-ақ экономиканы дамытуға қатысты көп бағдарламалар. Яғни осы салалар қысқартылады деп жоспарланды. Бюджеттік заңда қай салада қысқарту жүрмейді, сол нақтыланды. Нақты үш сала қысқармайды. Олар: білім мен денсаулық саласы және әлеуметтік бағдарламалар", - деді ол.

Маманның айтуынша, елдегі зейнетақы төмендемейді.

"Зейнетақы туралы бағдарламаға бөлінген қаржы қысқартылмайды. Білім саласына да дәл солай. Бірақ білімге бөлінген ақша қысқартылмағанымен, көбеймейді", -  деді экономист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800452-sarapshy-qazaqstandaghy-byudzheti-qysqa.html