RU

Алматыда полиция арнайы операция жүргізді: бір адам көз жұмды (видео)

Бүгін кешкі сағат 8 шамасында Алматыдағы «Жібек жолы» базарының маңында полицейлер мен қылмыстық топ арасында атыс болды.

Бұл туралы ratel.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Алматыдағы Наурызбай, Алатау және Қарасай аудандарының қиылысында орналасқан базар маңында полицейлерге экстремистер қарсылық танытты деген болжам бар.

Ресми мәліметтер бойынша, полиция өкілдері күдіктілерді ұстау барысында оқ атқан. Сайттың хабарлауынша, қылмыскерлерді ұстауға Алматы қалалық ІІД Экстремизммен күрес жөніндегі бөлім мамандары мен арнайы жасақ жұмылдырылған.

Қылмыскерлердің діни ұйымдарға қатысы болуы мүмкін. Олар полицейлерге қарсылық көрсеткен, қолдарында қару болғаны да расталуда. Кейбір деректер бойынша, қарсылық көрсеткен топ мүшелерінің қолында автоматтық қару болған.

Оқиға орнында күдіктінің біреуі көз жұмса, екіншісі тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Полицейлер арасында жараланғандары жоқ.

Қазіргі сәтте дереу тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800558-almatyda-policeyler-men-kudiktiler.html