RU

Маңғыстау облысында ерлі-зайыптылар екі баласымен бірге көлік апатына ұшырады

Ақтау-Жаңаөзен тас жолында екі кішкене баласы бар ерлі-зайыпты жол апатына ұшырады.

Жапа шеккендердің негізінен миы шайқалып, бас сүйектері жарақат алған, деп жазады lada.kz.

Toyota Land Cruiser Prado-150 көлігін 50 жастағы әйел басқарып келе жатқан. Көлік шетпе ауданының 37 жастағы тұрғыны мініп келе жатқан «Лада» автокөлігіне соғылған. Онда жүргізушінің 31 жастағы жұбайы мен екі баласы болған.

Барлығы да басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін «Лада» автокөлігінде болған әйел мен оның 5 жасар қызы үйіне қайтарылды. Ал 9 жасар ұлы түрлі жарақаттармен хирургиялық бөлімге түсті.

Land Cruiser-дің жүргізушісі дін аман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800577-manhghystau-oblysynda-erli-zayyptylar.html