RU

"Халал жезөкшелікпен" айналысатын атыраулық әйел 9 рет күйеуге шыққан

Қазақстанда "халал жезөкшелік" деген ұғым пайда болды. Әйелдер радикалды ислам ағымына түскен ер азаматтарға тұрмысқа шығып, кейіннен күйеулері "талақ" (ажырасу) арқылы айырылысып, әйелдерін достарына өткізіп жатады.

Бұл туралы "Экспресс-К" сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Діншіл ер азаматтар әйелдерінен ажырасып, достарына әйел етіп табыстау үшін "талақ" сөзін айтады екен.  Бұл жүйеге тап болған әйелдер кемінде 3-5 рет күйеуге шығып жататыны белгілі болды. Сол аралықта жүкті болып жатқан әйелдер, тіпті балаларының әкесі кім екенін білмейтіндерін айтуда.

"Халал жезөкшеліктің" құрбаны болған Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны 9 рет күйеуге шыққанын "Радиоточкаға" айтып берген. Өзі ауқатты тұратынына қарамастан, 5 жыл ішінде 9 рет ажырасып үлгерген. Бүгінде ол туған ұлының әкесі кім екенін дөп басып айта алмай отыр.

"5 жыл бұрын мен намазхан жігітті кездестірдім. Біз отбасылы болып, 1 жыл бірге тұрдық. Бірақ бір күні екеуіміз сөзге келіскенде, күйеуім ажырасатынын мәлімдеді. Ол досына хабарласып, мені оған әйелдікке өткізетінін айтты. Мен қарсы болсам да, ақыры келісімімді алды. Сөйтіп досының әйелі болып шыға келдім. Кейін ол да мені өзге досына өткізді", - дейді атыраулық әйел.

Қазақстандық дінтанушылардың айтуынша, мұндай қадамға баратындардың көбі - діннің өзге ағымдарының өкілдері. Нәтижесінде елімізде жүздеген бала әкесінің кім екенін білмей өсуде.

"Ислам қағидаларына сәйкес "талақ" сөзін тек жағдай қатты ушыққан кезде ғана айтады. Бұл үрдістің өз қатаң ережелері бар. Арнайы хадистер де келтірілген. "Талақ" сөзін айтқанның өзінде, мұсылмандар үш, ай он күн күтіп, содан кейін ғана екі бөлек кетеді", - деп түсіндірді дінтанушы Мұхиддин Паттеев.

Мұндай жағдайға душар болған әйелдер әсіресе Батыс Қазақстан мен Алматыда жиі кездеседі екен. Дінтанушылар олардың көбі дін тұрғысынан сауаты жоқ болғандықтан, осындай алдаудың құрбанына айналып отырғандарын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/800711-qazaqstanda-khalal-zhezokshelik-oryn-al.html