RU

Қазақстан құрамасы "Намыс дода" шоуында жеңіске жетті

Қытайдың Хайкоу қаласында өткен "Намыс Дода" спорттық шоуында Қазақстан құрамасы топ жарып, жеңіске жетті деп хабарлады baistars.kz.

Биыл "Намыс додада" Қытай, Венгрия, Франция, Алжир елдері қатысты. Бұрынғы ойындарда Қазақстан 2007 жылы 4 орын, 2008 жылы 2 жүлделі орын, 2012 жылы Ойындардың бас жүлдесі – 1 орынды иеленген еді. Бұл жолы да жұлдызды құрам үздік нәтиже көрсете білді.

Қазақстандық құраманың бас бапкері – Ережесіз жекпе-жек бойынша үш дүркін әлем чемпионы, Еуропа мен Азияның чемпионы, Ережесіз жекпе-жек бойынша әлем кубогының игері Ардақ Назаров.

"Намыс дода" "Қазақстан" ұлттық арнасының эфиріне күзден бастап шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/801045-qazaqstan-quramasy-namys-doda-shouynd.html