RU

"Меломен" тобының әншісі Рамазан айында әке атанды

Қасиетті Рамазан айында "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов екінші рет әке атанып отыр деп жазды comode.kz.

Бірнеше жыл бұрын отау құрған Қайрат Мырзаханов қызды болды. Бұл жағымды жаңалықпен бөліскен өнер иесінің достары әлеуметтік желі арқылы құттықтап, жылы лебіздерін білдірген болатын.

Бүгінде "Меломен" тобы Қарағанды қаласында концерт беріп жүр екен. Олардың сахнада өнер көрсеткен сәттері инстаграм бетіне шықты. Осыдан екі жыл бұрын Қайраттың тұңғыш ұлы Әбубәкір дүниеге келген болатын.

Еске салсақ, жақында Ұлықпан Жолдасов "ата" деген атқа ие болды. Себебі, оның ұлы гитарист Болат Жолдасов әке атанды. Алдағы уақытта сазгер, әнші Лұқпан мырза немересіне арналған ән шығарып жатса таң қалмаңыздар деп, журналистер жарыса жазған еді. Енді, 25 маусым күні әншінің отбасы мен туыстары Болаттың ұлын перзентханадан шығарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/801082-melomen-tobynynh-anshisi-ramazan-ayynd.html