Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең ірі университетінде шу шықты: 500-ге жуық студенттің оқу ақысы жоғалып кеткен

Опубликовано:

Алматыдағы ең беделді ЖОО-лардың бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен шу шықты. Студенттердің сөзіне сенсек, университет 500-ге жуық білім алушының ақшасын жымқырған.

Олар оқу ақысын университет есепшілеріне төлеп отырған. Көпшілігі оқу ақысын төлегені расталғаннан кейін емтихандарға еш кедергісіз кіргізілген. Тағы бір бөлігінің мәселесі оқу жылы аяқталар тұста шыға бастаған. Яғни оқу ақысы төленбегендіктен, емтиханға кіргізілмеген, дипломдарын бере алмайтындарын айтқан.

Осы оқу орнының Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдап, дипломын ала алмай отырған Әсел Қыдырбай өз жеке басындағы жағдайды NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

"Мен алғашында ақылай бөлімде оқыдым. Ол кезде  ақшамды  өзіміздің есепшілерге төлеп отырдым. Аз уақыттан кейін маған жеңілдіктер берілді. Яғни оқу ақысы бойынша. Оны есепшілер "біз сендерге осыншама жеңілдіктер бойынша көмектесіп отырмыз. Енді сендер де бізге көмек көрсетіңдер" деді. Сосын, қандай көмек керектігін сұрадым. Олар "сенің есебіңе ақша түсіп тұрады соны бізге жеткізіп отыр" деді. Ойымда түк жоқ. "Апай, оның қиындығы жоқ" деп 5 рет түрлі сомада өз есебіме түскен ақшаны беріп отырдым. Енді университет маған "оқуыңның 400 000 теңгесін төлемегенсің, әрі есебіңе 2.300 000 теңге түскен бәрін қайтарасың. Болмаса диплом жоқ" деп отыр. Мен сияқты 200 студент осы мәселе бойынша Алматыдағы ІІД-не шағым жазған. Студенттердің көбісі мәселені ушықтырмас үшін осындай қарыздарын қайтадан төледі. Қазір біздегі бар мағлұмат бойынша ЖОО төрт есепшісі тергеу абақтысына жабылған. Енді Аслан Сәрінжіпов пен президентке, үкімет басшысына хат жазуды жоспарлап отырмыз"- дейді студент.

Әсел Қыдырбай өзінің, өзі сынды студенттердің осы мәселені халыққа жаймауын талап етіп қоқан-лоққы көрсетушілердің де пайда болғанын айтады. Қазірге Алматы қаласы бойынша ІІД қызметкерлері тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал ЖОО өкілдері мәселе бойынша журналистерге жауап қатудан бас тартып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/801092-qazaqstannynh-enh-iri-universitetinde/

pixel