Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қарақшылар мен полицейлер арасында болған атысқа қатысты полиция түсінік берді

Опубликовано:

Алматы полициясы 25 маусымда кешке полицейлер мен қарақшылар арасында болған атыс туралы толығырақ түсініктеме берді.

Тергеу барысы көрсеткендей, Шығыс Қазақстан облысының тумасы болып шыққан екі ер адам кәсіпкерге қарулы шабуыл жасауға ұмтылған екен. Полицейлер көлігін қоршап алған соң олар қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан олардың бірі оқ тиіп, сол жерде қаза болды.

Екіншісі қылмыс болған жерде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл азаматтар осыған дейін бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған.

Олардың көлігінен карабин, револьвер, травматикалық тапанша табылды. Бұл қарулар заттық айғақ ретінде сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24 және 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Еске салсақ, Алматыдағы "Жібек жолы" базарының маңында полицейлер мен қылмыстық топ арасында атыс болғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/801276-almaty-policiyasy-qaraqshylar-men-poli/

pixel