RU

Аляскада саяхатшылар мінген ұшақ апатынан 9 адам көз жұмды

Алясканың оңтүстік-шығысында бейсенбі күні экскурсиялық ұшақ құлады Ұшақ бортында 8 турист, 1 ұшқыш болған деп хабарлады kazinform.kz "ВВС" агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Элла өзенінен жақын маңда орын алған. Апат аймағына дәрігерлер ұшағы ұшып шықты.

Апатқа ұшыраған DeHavilland DHC-3 Otter шағын ұшағы Promech Air компаниясына тиесілі болған. Бортта болған туристер Сиэтл қаласынан өткен аптада ұшып шыққан.

Катчикан қаласында құлаған ұшақ бортында болған 8 жолаушы мен ұшқыш қаза тапты деп хабарлады 24.kz.

Қайғылы оқиға барысында туристік ұшақтың Элла көлінің маңындағы 240 метрлік шыңға құлағаны анықталды деп жазады russian.rt.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/801315-alyaskada-sayakhatshylar-mingen-ushaq-apa.html