RU

Стивен Сигал Қазақстанда айкидо мектебін ашуға мүдделi

Танымал Голливуд актерi және режиссерi, айкидо шеберi Стивен Сигал Қазақстанда шығыс жекпе-жектерi мектептерiн ашуды жоспарлауда. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Қазақша күрес түрiн көрдiңiз бе?» деген сұраққа С.Сигал: «Иә, мен қазақ палуандарын көрдiм. Мәскеуде мұражайлардың бiрiнде болған кезде этникалық күрес түрлерiне арналған фильмдер мен фотосуреттерден көрдiм. Маған түрлi этникалық күрес түрлерiн көру өте қызық болды, сондықтан мен кейбiр суреттердi сұрап та алдым», - деп жауап бердi.

Сонымен қатар ол қазақстандық жекпе-жек өнерiнiң шеберлерiне бiрнеше кеңес бердi.

«Азияда ұрыс өнерлерiне баулу үзiлмейтiн үдерiс деп бiлемiз. Ол ешқашан аяқталмайды және нағыз шебер әрқашан қарапайым келедi. Мен сiздердiң шеберлерiңiзге бiрқатар кеңес бергiм келедi, олар адамдарға не үйретiп жатқандығын әрдайым ойлап, саралап отырулары тиiс», - дедi ол.

«Менiңше, ең бастысы шебердiң бойында қарапайымдылық, адамгершiлiк, жанашырлық және еңбекқорлық болуы тиiс», - деп атап өттi Сигал.

Танымал актердiң айтуынша, ол Қазақстанда өз мектебiн ашуды жоспарлауда.

«Иә, мен мектептерiмдi ашуға мүдделiмiн. Ол жалғыз емес, көп мектеп болуы мүмкiн», - деп түйдi сөзiн актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/801744-stiven-sigal-qazaqstanda-aykido-mekt.html