RU

Қазақстанда туризм саласында лицензия беру қатайтылмақ

Қазақстанда туризм саласындағы лицензия беру қатайтылады, деп мәлім етті Инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев.

«Біз лицензия беру мәселесіне ораламыз, себебі ол былтырдан бері жергілікті атқару органдарына берілген», - деді Дүйсенғалиев жұма күні «Атамекен» пікір талас клубының отырысында.

Оның айтуынша, ұшақтарға билетті қыркүйек айына дейін сатып қойған Air Astana авиакомпаниясы да жауапкершілікті алуы керек.

«Кезінде Air Astana билеттерін сатып алып қойғандар енді күнделікті рейстерге билет сатып алуға мәжбүр. Ол, әрине, қымбат. Сондықтан туристер шығын көруде. Соның салдарынан көптеген турагенттіктер құралақан қалып отыр», - деді диектор.

Еске салсақ, қазір туристерді опық жегізген Travelsystem компаниясының жетекшісі іздестірілуде. Компания қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оған негіз болғаны БАҚ-тарда жарияланған осы туристік компания әрекетінің салдарынан 3 мыңдай қазақстандық туристер зардап шегіп, олардың 1 мыңдай туристі Түркиядағы қонақ үйлерінен шығып қалу қатеріне душар болуы туралы деректер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/801759-qazaqstanda-turizm-salasynda-licenz.html