RU

Алматыда ер адам Сайран көліне батып кетті

 Алматыда Сайран өзеніне 43 жастағы ер адам батып кетті.

Бұл туралы өңірдегі Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Айнұр Дүйсен хабарлады.

«Кешкі 18.30-дар шамасында әйел адам Сайран өзенінде кезекшілікте тұрған құтқарушыларға келіп, ер адамның суға батып кеткенін хабарлаған. Жағадан 90 метр жерден ер адамның денесі табылды», - дейді Дүйсен.

Қаза тапқан адамның 1972 жылы дүниеге келген Жұмаділов Г.Т екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/801962-almatyda-er-adam-sayran-koline-batyp-k.html