RU

Оңтүстік Кореяда коронавирустан қаза тапқандар саны 200-ге жуықтады

Оңтүстік Кореяда таяу шығыс коронавирусын жұқтырғандар саны өткен тәулікте бір адамға артып, 182-ге жетті, деп хабарлады сенбіде Рёнхап ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар, агенттіктің деректеріне сүйнесек, індеттен қаза болғандар саны-31. Тәулік ішінде тоғыз адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Барлығы 90 адам (немесе 49,5 пайызы) емделді.

Карантинде 2467 адам бар, инфекция жұқтырды деген күдікпен оқшауланған 12 958 адам карантиннен шығарылды, деп жазды РИА Новости.

Таяу шығыстық респираторлық синдром коронавирусының бастапқы кезде ерекше белгілері болмайды. Вирусқа арналған вакцина жоқ. Ауруға иммунитеті әлсіреген, созылмалы өпке, сусамыр, бүйрек жетімсіздігімен ауыратын адамдар бейім.

Әлемде ДДСҰ-ның 20 маусымдағы деректері бойынша індетті 1334 адам жұқтырса, 471 адам қайтыс болған. Таяу Шығыста індеттен өлім-жітім 40 пайызды құраса, Оңтүстік Кореяда 17 пайызды құрады.

Вирус ауа-тамшы жолымен тұмау сияқты таралады. Жұқтырғандардың дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады, тыныс алуы ауырлайды. Алайда бұл белгілер осы ауруға тән екені әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/802074-onhtustik-koreyada-koronavirustan-qaz.html