RU

Павлодар облысында ит талаған ер адам ауруханада көз жұмды

Павлодар облысында құтыруға шалдыққан 48 жастағы тұрғын облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимаған күйі көз жұмды.

Бір апта бұрын ит қауып алып, вирустық ауруға душар болған азамат дер кезінде дәрігерлерге қаралмапты.

Ақсу ауылдық аумағына қарасты Ребровка ауылының тұрғынында «Гидрофобия» болған. Ол суды көрсе болды, ашуға мініп, тынысы тарылатын.

«Қауіпті індеттің алғашқы белгісі осындай болады» дейді мамандар. Өз иесіне шапқан төбетке аурудың түлкіден жұққаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/802203-pavlodar-oblysynda-qauip-alghan-er.html