RU

Тайваньдағы аквапаркте болған жарылыстан 500-ге жуық адам жарақат алды (видео)

Тайваньның Синьбэй қаласындағы ойын-сауық аквапаркінде өрттен 474 адам жарақат алды. Олардың ішінде 467-сі Тайвань азаматы, қалғандары шетелден келгендер деп хабарлады 24.kz.

Денсаулық сақтау департаменті зардап шеккендердің тізімін жариялады. Мамандардың айтуынша, 141 адам ауыр халде жатыр. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да басталған. Аквапаркте халық "түстер мерекесін" тойлап жатқан еді. Барлық зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілген. Көп адамның денесінің 50%-ын күйік шалған. Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз.

Видеодан өрт болмас бұрын залда жиналғандардың үстіне белгісіз ұнтақ себіліп, кейін ол лапылдап жанғаны байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/802262-tayvandaghy-akvaparkte-bolghan-zharyl.html