RU

Әнші Әсем Жәкетаева тұрмысқа шықты (фото)

Еліміздің танымал продюсері Баян Есентаеваның Ailan атты жобасымен танылған Әсем Жәкетаева өз Instagram парақшасында тұрмысқа шыққанын жария етті.

Әнші өзінің парақшасына Парижде жолдасымен түскен фотосын жүктеп, "Бақытымда шек жоқ" деген жазба қалдырған. Бұл жаңалықтан хабардар болған көпшілік "әнші не себепті күйеуінің бет-жүзін жасырды?" деген сұрақтарын жаудыруда.

Айта кетерлігі, шамамен бір ай бұрын Жәкетаева өзіне ұсыныс жасалғанын көпшілікке жария еткен болатын.

Еске салсақ, Әсем осыдан үш жыл бұрын актер, режиссер Жандос Айбасовпен көңіл жарастырып, үйленетіндерін де мәлімдеген еді. Тойдың уақытына дейін белгілеп қойған қос ғашықтың араларында не болғаны белгісіз, әйтеуір той болмай қалды.

Ал қазіргі әншінің күйеуі кім екені әзірге құпия сақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/802332-anshi-asem-zhaketaeva-turmysqa-shyqty-fo.html