RU

Дәрігерлер баланы іштен жарып алу тәсілі нәресте денсаулығына зиян екенін айтуда

Медицинада өздігінен баланы дүниеге әкелуге денсаулығы жарамайтын жүкті әйелдерге жедел түрде баланы іштен жарып алу отасы жасалатыны белгілі. Алайда баланы іштен жарып алу тәсілі нәрестенің физикалық денсаулығына да кері әсерін тигізеді.

Бұл жөнінде Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолдаған ресми сауалына облыстық перзентхана орталығының бас дәрігері Айгүл Оспанова айтып берді.

Дәрігердің мәліметінше, Павлодар облысында биыл 322 бала жедел ота арқылы іштен жарып алынған. Былтыр 535 жүкті әйел ота жасауға (кесарево сечение) түскен.

Дәрігердің айтуынша, екіқабат әйелдердің жедел босануы екі-үш рет ота жасалуына байланысты.

"Баланы іштен жарып алу тәсілі нәрестенің физикалық денсаулығына да әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Сондықтан жүкті әйелдерге жедел ота жасау, яғни баланы іштен жарып алу олардың келісімі бойынша жасалады. Мәселен, 2014 жылы туған 7667 баланың 6,2 пайызы немесе 479 бала мерзімнен бұрын дүниеге келген. Биылғы жылдың бес айында 202 сәби тоғыз айға толмай дүние есігін ашты", - дейді Оспанова.

Ресми жауапта ұсыныған ақпаратқа сүйенсек, мұндай балалардың өкпе ұлпалары жетілмегендіктен тыныс алу жолдары бұзылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/802911-darigerler-balany-ishten-zharyp-alu-tas.html