RU

Алматыдағы опера балына "Әлем аруы 2014" атанған Паулина Вега келді (фото)

Вальс билері, көздің жауын алатын сәнді көйлектер,"Евгений Онегин" романының кейіпкерлерін қайта жаңғырту… Алматыда көптен күткен ақсүйектердің сүйікті іс-шарасы - VII Опера балы өтті.

Аталмыш іс-шараға қатысушылар бір жыл бойы дайындалған. Дебютанттар вальс билеуді үйренсе, The Opera Ball Award жүлдесіне үміткерлер арияларын мінсіз орындауға дайындалды.

"Ерлер арасында үздік дауыс" номинациясын АҚШ тумасы Райан Спидо Грин ұтып алды. Ал қазақстандық опера жұлдызы Әлфия Кәрімова "Вокалшылар арасында үздік" деп танылды.

Жеңімпаздар $10 мың қаржылай сыйлыққа ие болды.  Осы жылда байқау төрешілері ретінде Париж ұлттық операсының музыкалық директоры Жан-Филипп Тьеллэй, Вена мемлекеттің операның музыкалық директоры Томас Лаусманн және Абай атындағы ҚМАОБТ бас директоры Асқар Бөрібаев шақырылды.

"Париж операсы Қазақстанмен бірге The Opera Ball іс-шарасын өткізуге атсалысуға дайын. Бұл оңай шаруа болмаса да, біз бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз", - дейді Париж ұлттық операсының музыкалық директоры Жан-Филипп Тьеллэй.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Қайырымдылық балы өткізілген болатын. Бір жыл бұрын аталмыш іс-шара өз бағытын өзгертіп, The Opera Ball деген атауға ие болды. The Opera Ball Award-тың алғашқы жеңімпазы Мария Мудряк болды.

"Бұл опера жүдесінде ең бастысы опера бойынша әлем шеберлеріне әрбір орындаушының дарынын байқату. Кім біледі, бәлкім Вена операсы жеңімпаздардың бірін өзіне шақыртып қалар?", - дейді балдың негізін қалаушы Марат Омаров.

Бал басталған сәтте қызыл кілемнен танымал әртістер, музыканттар мен бизнесмендер жүріп өтті. Қонақтарды Пушкиннің "Евгений Онегин" романындағы кейіпкерлер күтіп алды.

Балдың ең көз тартарлық бөлігі – дебютанттардың биі. Биылғы жылы құрметті дебютанттар арасында "Қазақстан аруы 2015" – Регина Вандышева мен әнші Диас Аблаев та бар.

60 бойжеткендер мен жігіттер кешті вендік вальспен ашты.

Кеш жүргізушілері "Әлем аруы 2014" – Паулина Вега мен Орыс Империялық Балеттің негізін қалаушы әрі Опера балының бас балетмейстері – Гедиминас Таранда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803222-almatydaghy-opera-balyna-alem-aruy-2014.html