RU

Өзбек шекарашылары қазақ азаматын атып өлтірді

28 маусым күні сағат кешкі 9 жарым шамасында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Қазақстан азаматына оқ атылды.

Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

37 жастағы Уәлихан Ахметов ауылдастарымен бірге балық аулап жүрген. Тірі қалған куәгердің айтуынша, олар Қазақстан территориясында қайықпен балық аулаған. Яғни, Өзбекстан аумағына қарай өтпеген. Алайда оларды өзбекстандық шекарашылар байқап қалады.

Балықшылар жағалауға қарай жүзе бастағанда өзбекстандық шекарашылар оқ жаудыра бастайды. Мойнына оқ тиген Уәлихан Ахметов ауыр жарақаттан көз жұмды. Бүгінде оның денесі мәйітханаға жіберілген.

Әзірге Қызыл әскер ауылының тұрғынына қатысты ресми органдар мәлімет таратпай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803593-ozbek-shekarashylary-qazaq-azamatyn.html