RU

Обамадан Шварценеггерге дейін: АҚШ біржынысты некенің заңдастырылуын қалай қабылдады? (фото)

АҚШ-тың барлық штаттарында біржынысты некеге рұқсат берілгелі Twitter әлеуметтік парақшаларында #‎LoveWins‬ хэштегі жаппай қолданыла бастады.

Бұған дейін біржынысты некелер 50 штаттың тек 35-інде ғана рұқсат етілген болатын.

Аталмыш хэштегті өз Twitter парақшасында бірінші болып Барак Обама мен Ақ үй қолданған. Содан кейін көптеген БАҚ пен компаниялар өз аватарларын түрлі-түсті ете бастады. Көптеген ғимараттар түрлі-түсті шамдармен безендірілді. Осылайша көпшілік ЛГБТ-ның (лесбийлер, гейлер, бисексуалдар және трансгендерлер) нышанын аңдатпақ болған деп жазды Интерфакс.

Олардың арасында Эмпайер Стейт билдинг, Дүниежүзілік сауда орталығы, Бостандық мүсіні, Ниагара сарқырамасы мен Диснейленд бар.

"Махаббат — бұл махаббат. Кімді және қалай сүйетінің маңызды емес. Бүгін Америка мақтана алады. Бүгін біз әлемді сәл де болса жақсарттық", — деп мәлімдеді президент Барак Обама.

Фейсбукте шешім қабылданғанна кейін аватарды түрлі түстерге бояйтын қызмет іске қосылды.

АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон өз парақшасына фото жүктеп, біржыныстылар некесін заңдастыруды қолдайтынын байқатты.

 

Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер кезінде мұндай некелерге қарсы болғанын ұмытып, фейсбуктегі өз парақшасына түрлі түстерге боялған фотосын жүктеген екен.

Еске салсақ, бұған дейін 26 маусымда АҚШ сотының шешімімен барлық штаттарда біржынысты некеге рұқсат берілгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803614-obamadan-shvarceneggerge-deyin-aqsh-bi.html