RU

Бауыржан Ретбаев 5 миллион теңгесін қалай жұмсағанын айтты

«Қазақстан дауысы» жобасының былтырғы маусымында топ жарған Бауыржан Ретбаев baistars.kz сайтына сұхбат беріп, жеңіп алған 5 миллион теңгесін қалай жұмсағанын айтты.

Продюсері Ұлықпан Жолдасовтан бөлек кеткен соң, ол жеке әнші ретінде бірнеге туынды жазып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, күзге дейін альбом шығармақ ойы бар екенін айтып, той бизнес туралы да пікірімен бөлісті.

«Негізі, Ретбаев эстарада әншісі. Әндерімнің барлығы эстрада жанрындағы әндер. Тойға шықпайтын әнші жоқ десек те болатын шығар, анда-санда шақырғаннан кейін тойға барып тұрамыз», - дейді Бауыржан.

Жас әнші өзінің «Қазақстан дауысы» жобасында жеңіп алған 5 миллион теңгесіне қалай жұмсағанын да жасырған жоқ.

«5 миллион теңгеге үй сатып алдым. Ал өнер жолындағы қаржымды көтеретін демеушілерім бар», - дейді жас әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803663-bauyrzhan-retbaev-5-million-tenhgesin-qa.html