RU

Шварценеггердің ұлы кинодағы бірінші үлкен рөлін сомдайды

Голливудтың танымал актері Арнольд Шварценеггердің ұлы Патрик кинода бірінші үлкен рөлін сомдайды. Ол жапондық «Түн ортасындағы күн» (Midnight Sun) драмасында бас рөлді ойнамақ, - деп жазады Deadline.

Түсірілімді бастау 2015 жылдың қыркүйегіне жоспарланып қойған. Фильмнің режиссері - Скотт Спир.  «Түн ортасындағы күн» фильмі сирек кездесетін генетикалық ауру: терінің күн көзіне үлкен сезімталдығына ұшыраған жас әйел туралы баяндайды.

Сюжет бойынша, бас кейіпкер әйел музыкамен жұбанып, түнгі уақытта гитарада ойнап, ән айтады. Бір күні ол өнерін көпшілікке паш етуді ұсынған жас адамды кезіктіреді.

21 жастағы Патрик Шварценеггер бүгінде үш фильмге түсіп үлгерген: «Қосалқы ойыншылар» (2006), «Махаббат әуресі» (2012) және «Кластастар 2» (2013). Осы картиналардың барлығында ол эпизодтағы рөлдерді сомдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803767-shvarceneggerdinh-uly-kinodaghy-birinsh.html