RU

Маңғыстауда ауа райы 80 градусқа дейін көтеріледі деген хабар жұртшылықты шошытты

27 маусым күні WhatsApp әлеуметтік желісінде Маңғыстаудағы ауа райы 80 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін деген жайсыз хабар тез тарала бастады.

Сондай-ақ жазбада халықты сақтық шараларын сақтауға шақырылған деп жазады жергілікті портал. Бұл хабардың қаншалықты рас екендігі белгісіз.

Соңғы күндері маңғыстаулықтар ауа райының тым ыстық болғанын айтуда, кейбір күндері ауа температурасы 40 градустан асқан.

Тұрғындар денсаулығын күту үшін барынша күн көзінен қорғанып, сақтық амалдарын жасап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803776-manhghystauda-aua-rayy-80-gradusqa-deyin-k.html