RU

Астанада әйелімен ұрысып қалған ер адам денесін кескілеп тастады

Астанада отбасын мүшелерімен ұрысып қалған ер адам жалаңаш күйінде көшеге шығып, қолдарын кескілеп тастады.

Бұл туралы astinfo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бейбітшілік көшесін жалаңаш күйінде кезген ер адамның мас болғаны анықталды. Ол терезені сындырып, әйнекпен қолын кескілеп тастаған.

Ол әйелімен сөзге келіп қалған соң, өзіне қол жұмсап өлмек болған. Күдіктінің туыстары дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер көше бұзақысына көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/803801-astanada-ayelimen-urysyp-qalghan-er-ad.html