Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құран кәрімді жатқа оқитын 9-шы сынып оқушысы жұртшылықты таң қалдырды

Опубликовано:

14 жасар қари хафиз атанған Дулат Болатбекұлы 666 аят пен 114 сүреден тұратын Құран кәрімді жатқа оқиды.

Қасиетті кітапты Дулат 12 жасында жаттап алған. 600 беттен тұратын кітаптағы аяттарды есте сақтауға бір жылдай уақыты кеткенін айтады.

Ол биылғы республикалық Құран жарысында топ жарып, бас бәйгеге тігілген көлікті де ұтып алды. Болашақ мамандығын жас қари дін жолымен байланыстырады.

"Жаттағым келді сол Құранды. Өте үлкен бақыт бұл. Қанша адам хафиздерге өткізгісі келіп жүр. Бірақ Алла қаламай жатыр. Алла осы біздің төрт хафизімізді қалап тұрған екен. Осы үлкен әсем мешітте хатым өткізуге", - деді қари хафиз Дулат Болатбекұлы.

Дулат қасиетті Ораза айында оқылатын тарауық намазына имамдық етіп жүр. Жас қаридің бастауымен мыңдаған адам Құранды хатым етуде. Дулат жаттап алған сүрелерін күнделікті қайталап отырудан жалықпайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/804001-quran-karimdi-zhatqa-oqityn-9-shy-synyp-oq/

pixel