RU

Зарина Дияс "Уимблдон" турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Ұлыбританияда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирін сәтті бастады.

Жерлесіміз алғашқы айналымда мықты қарсыласқа тап болған еді. Рейтингте өзінен жоғары орналасқан 24-ші орындағы италиялық Флавия Пеннеттамен кездесті.

Бұл ойын үш сетке созылды. Бірінші сетте Зарина жеңіске жетті. Алайда екінші сетті Пеннетта өз пайдасына шешті. Ал үшінші қорытынды кезеңде қазақстандықтың жолы болды. Қорытынды есеп –6:3, 2:6, 6:4.

Кездесу 1 сағат 46 минутқа созылды. Енді, жерлесіміз екінші айналымда Чжу Линь мен Александра Саснович жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804044-zarina-diyas-uimbldon-turnirin-zhenhisp.html