RU

Инстаграмда ең көп "лайк" жинаған сурет анықталды (фото)

Instagram әлеуметтік желісі пайда болған уақыттан бері жарияланған суреттердің ішіндегі ең әйгілісі америкалық танымал модель Кендалл Дженнерге тиесілі.

Оның 2015 жылдың мамыр айында жариялаған суреті 2,6 миллион "like" (ұнайды) жинаған деп хабарлайды The Independent.

19 жастағы бойжеткеннің осынау суретінде оның жерде жатқан кезі бейнеленген: үстінде ақ көйлек, шашының ұштары жүрек тәрізді етіп өрнектелген.

Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд америкалық тележұлдыз Ким Кардашьян мен оның күйеуі, танымал әнші Канье Уэстке тиесілі болатын. Олардың 2014 жылы Италияда түскен суретіне интернет пайдаланушылары 2,4 млн "like" басқан еді.

Дженнер болса әлемдегі ең сұранысы жоғары модельдердің бірі. Ол сондай-ақ, "Кардашьян әулеті" реалити-шоуы арқылы көпшілікке танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804138-instagramda-enh-kop-layk-zhinaghan-suret.html