RU

Рим папасынан бастап PSY-ға дейін: Қазақстанға келген танымал адамдар (фото)

Әлемнің танымал адамдары Қазақстанға біз ойлағаннан жиірек келіп жатады. Олардың көбі жабық кештер мен жеке кездесулерге шақырылады. Қазақстанға келіп, жұртты бір шулатқан әлем жұлдыздарының тізімін comode.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Рим папасы

Рим папасының елімізге келуі айтарлықтай оқиға болды. Қазақстанда 100 мыңға жуық католиктер бар. Астанада ол келгенде барынша қаупісіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілді: 10 мыңға жуық полицейлер мен әскерилер маңызды кортеждің қасында жүрді. Орталық алаңдардың біріндегі Рим папасының рәсіміне 50 мыңға жуық тұрғындар қатысты. Рәсім бес тілде жүргізілді: орыс, ағылшын, қазақ, неміс және польшалық.

Дженнифер Лопес

Әлия Назарбаеваның 2010 жылдың ақпанында Rixos мейманханасында өткен туған күніне Дженнифер Лопес ұшып келді. БАҚ-та әнші мейрамда өнер көрсеткеніне $3 млн-ға жуық ақша алған деген ақпар таралды.

Кэти Перри

Танымал әнші Кэти Перри  бірнеше рет Қазақстанға шақырылғанымен, тек 2011 жылы ғана жабық жаңа жыл кешіне келген. Сыбыс бойынша, мейрам еліміздегі мұнай корпорациясы өкілдерінің біріне ұйымдастырылған. Алайда, бұл ақпар ресми расталмады. Әншінің аз уақыт өнер көрсетуіне шамамен $2 млн төленген.

Бейонсе

Соңғы үш жылда Бейонсе қазақстандық көрермендер үшін екі рет ән салды. Ол елімізге алғаш рет 2012 жылы жабық жаңа жылдық корпоративке келген. Ұйымдастырушылар әншінің тек жеке ұшақпен ұшатынын және ең үздік қонақүйге қоныстанатынын жасырмады. Бейонсе 1 рет ән салғаны үшін $3 млн сұрайды екен. Бұл шамамен сахнада 20 минут ән айтудың құны.

Адель

Танымал британдық әнші Адель Астанаға екі рет келді. Алғашында қазақстандық кәсіпкердің туған күніне ән шырқаса, екінші рет ұлттық корпорациялардың біріндегі жаңа жылдық корпоративке келген. Әншінің бір рет өнер көрсетуі $1 млн шамасында. Сонымен қатар әнші сахнаға шыққанда оны фотоға не видеоға түсіруге болмайды. Егер бұл шарт бұзылса, ол сотта қаламақысынан екі есе жоғары айыппұл талап етеді.

Канье Уэст

2013 жылдың тамызында Қазақстан президенті өз немересі Айсұлтанның үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Той Royal Tulip мейманханасында өткізілді. Жас жұбайларға музыкалық сый ретінде Канье Уэст тойда ән шырқады. Ким Кардашьянның жұбайынан өзге тойда түрік әншісі Мұстафа Сандал, Елка, Александр Ревва өнер көрсетті.

Will i am

Алматыдағы танымал The Ritz Carlton мейманханасының ашылу салтанатында кешке қазақстан шоу-бизнес өкілдерінен өзге The Black Eyed Peas тобының әншісі Will i am келді.

Николь Шерзингер

2014 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев өзінің 48-інші туған күнін тойлатты. Қалталы кәсіпкерді туған күнімен құттықтауға Pussycat Dolls тобының бұрынғы орындаушысы Николь Шерзингер келді. Әншінің жалғызсырамауы үшін қасына ресейлік жұлдыздар Виталий Фомин мен Дима Биланды шақыртқан.

PSY

Корей жұлдызы Қазақстандағы LG компаниясының жаңа телефонды ұсыну кешіне шақырылған болалтын. Оның Gangnam Style әні кешті жандандыра түскен. Жарты сағат өнер көрсеткені үшін PSY қанша алғаны құпия сақталуда.

Limp Bizkit

Танымал америкалық рок тобы Алматыда 2015 жылдың күзінде концерт береді. Олар концертті 2016 жылы шығатын жаңа альбомдарының шеңберінде ұйымдастырмақ. Билеттер алдын ала мәліметтер бойынша толықтай сатылып кеткен. Дегенмен топтың ресми сайтында олардың елімізде өнер көрсететіні расталмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804359-rim-papasynan-bastap-psy-gha-deyin-qazaqs.html