RU

Ақмола облысында қазаншұңқыр қазу кезінде топырақ опырылып, екі жұмысшы мерт болды

Ақмола облысының Есіл ауданында қазаншұңқыр қазу кезінде топырақ опырылып  түсіп, бетон плитаның астында қалған 3 жұмысшының екеуі қаза болды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Келеңсіз жағдай маусымның 29-ы күні кешкі сағат 19:10 минут шамасында Есіл ауданындағы Знаменка селосында орын алған. Қазаншұңқыр қазып жатқан "Тіней" шаруа қожалығы жұмысшыларының үстіне топырақ опырылып кетіп, бетон плита құлаған.

Сол уақытта шұңқырдың ішінде жұмыс істеп жатқан жұмысшылар 1987 жылғы Максианов, 1998 жылғы Чернявский  оқиға орнында көз жұмды, 1998 жылғы Гусейнов Есіл аудандық ауруханасына жатқызылды.

Жұмысшылардың барлығы Қостанай облысының азаматтары. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804388-aqmola-oblysynda-qazanshunhqyr-qazu-ke.html