RU

Индонезияда әскери ұшақ қонақүйдің үстіне құлап, кем дегенде 30 адам қаза тапты

Суматра аралының солтүстігіндегі Медан қаласында АҚШ-та жасалған Индонезияның Hercules C-130 әскери-көлік ұшағының қонақүйі мен тұрғын алаптарына құлауы салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапқан.

«Соңғы мәліметтер бойынша, 30 адам мерт болды... Қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін», - деп хабарлады Индонезияның құтқару қызметінің өкілі Хисара Турнипа.

Индонезияның Медан әскери базасынан ұшып шыққан әуе кемесі Натуна аралына бағыт алған, деп нақтылады әскер өкілі Фауд Бася.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әуе апаты Индонезияның көлемі бойынша үшінші қаласы Медан аумағында орын алған. Қонақүйінің қызметкерлері ұшақтың қонақүйдің үстінде жарылғанын айтып отыр. С-130 сынықтары екі тұрғын үйге құлап, электр тасымалдау желілерін бүлдірді. Куәгерлер апат орнының үстінде будақтаған түтін көтерілгенін айтты.

Sputnik агенттігінің хабарлауынша, ұшақтың ішінде экипаждың 12 мүшесі, сондай-ақ саны нақтыланбаған жолаушылар болған. Қолда бар мәліметтер бойынша, әуе кемесінің ұшқыштары ондағы проблеманы анықтаған соң, базаға оралмақ болған. Ұшақты кері бұрған соң, ол базадан шамамен бес шақырым жерде апатқа ұшырады, деп жазады РИА Новости.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804582-indoneziyada-turghyn-uyge-ushaq-qulap-30-gh.html