RU

Флойд Мэйуэзер "Форбс" рейтингісі бойынша ең қалталы жұлдыз атанды

"Форбс" журналы ең жоғары ақы алатын әлем жұлдыздарының жыл сайынғы рейтінгісін жариялады. АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзер аталмыш тізімде алғашқы орында тұр.

Оның өткен жылдағы табысы шамамен $300 млн-ды құрған. Екінші орынға Флойдтың мамырда өткен жекпе-жегіндегі қарсыласы филипиндік Мэнни Пакьяо орналасты. Бір сатыға төмен америкалық әнші Кэтти Перри жайғасқан. Табысты жұлдыздар тізімінде Ресей теннисшісі Мария Шарапова да бар.

Айта кетейік, "Форбс" тізімі жұлдыздардың басты кәсібіне төленетін ақы, жарнама мен жеке бизнестен түсетін қаражаттар негізінде құрылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804628-floyd-meyuezer-forbs-reytingisi-boyy.html