RU

Жамбыл облысының тұрғыны конго-қырым қанды безгегінен көз жұмды

Жақында конго-қырым қанды безгегі (КҚҚБ) анықталған Жамбыл облысының тұрғыны қаза болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Бүгін ол адамды жерледі. Ол бес күн аудандық инфекциялық ауруханада жатты. Дәрігерлер тамағы ауырған шығар деп ойлап, дәл диагнозды қоймады. Кейін оның жағдайы тым ауырлап кеткесін оны Тараздағы облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызып, ол сонда көз жұмды», - деді марқұмның туыстары сейсенбі күні.

Еске салсақ, 44 жасар науқастың КҚҚБ-мен аурыған дерегі 28 маусымда анықталды. Оперативтік кезекшіге Жамбыл облысының Аса аулының тұрғыны ауруханаға КҚҚБ ауруына күдікпен жатқылызғаны туралы хабар келіп түсті.

Кейін зертханалық тексеруден соң, науқастан КҚҚБ расталды.

Конго-қырым қанды безгегі табиғи-ошақты вирустық ауру, ол кенелерден жұғады, ол кенеттен басталады, айқын белгілері – интоксикация, адамның денесі қанталап кетеді, адам өлімі өте жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/804760-zhambyl-oblysynynh-turghyny-kongo-qyrym.html