RU

Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа тағайындаулар болды

Президент Нұрұлтан Назарбаевтың өкімімен еліміздегі Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар орын алды деп мәлімдеді Ақорданың ресми сайтында.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды;

Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/805045-qauipsizdik-kenhesinde-zhanha-taghayynd.html